Nokia C7 00 - Nokia Suite бағдарламасын компьютерге орнату

background image

Nokia Suite бағдарламасын компьютерге орнату

Nokia Suite PC қолданбасымен телефондағы мазмұнды басқаруға және оны

үйлесімді компьютермен қадамдастыруға болады. Сонымен қатар, телефонды

жаңа бағдарламалық құралмен жаңартып, карталарды жүктеп алуға болады.

Интернет байланысы қажет болуы мүмкін. Деректер ақысы туралы ақпаратты

желі қызметінің провайдерінен біліңіз.

Компьютерге Nokia Suite бағдарламасының соңғы нұсқасын www.nokia.com/

nokiasuite веб-торабынан жүктеп алыңыз.

Nokia Suite бағдарламасын телефонмен орнату

1 Үйлесімді USB кабелі арқылы телефонды компьютерге жалғаңыз.

Компьютерде Windows XP немесе Windows Vista амалдық жүйесі орнатылған

болса, телефонның USB режимін Сыйымды жад параметріне орнатыңыз.

Телефонда USB режимін орнату үшін, хабарландыру аймағынан төмен қарай

жүргізіп өтіп, >

Сыйымды жад

тармағын таңдаңыз.

Телефонның көлемді жады және жад картасы компьютерде алынбалы

дискілер түрінде көрсетіледі.

2 Егер орнату терезесі автоматты түрде басталмаса, компьютердің файл

реттегішінде телефонды тауып алып, ашып, Nokia Suite бағдарламасының

орнату файлын екі рет басыңыз.

3 Компьютерде көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
4 Орнату аяқталған соң, егер компьютерде Windows XP немесе Windows Vista

жүйелерін қолдансаңыз, телефонның USB режимі Nokia Suite екенін

тексеріңіз.

18

Nokia Suite бағдарламасын компьютерге орнату

background image

Nokia Suite туралы қосымша мәліметтер алу үшін және Nokia Suite жұмыс істейтін

амалдық жүйелерді тексеру үшін, www.nokia.com/nokiasuite торабына өтіңіз.