
Фотосуреттер мен бейнелерді теледидардан көру
Фотосуреттер мен бейнелеріңізді отбасыңыз бен достарыңызға үйлесімді
теледидардан оңай көрсетуге болады.
Фотосуреттер мен бейнелерді айқындығы стандартты теледидардан көру
Nokia бейне байланыс кабелін (бөлек сатылады) пайдалану қажет болады және
ТД шығыс параметрлері мен кадр пішімін өзгерту қажет болуы мүмкін.
ТД шығыс параметрлерін өзгерту үшін, >
Параметр-р
және
Телефон
>
Көмекші құралдар
>
ТД шығысы
тармақтарын таңдаңыз.
1 Nokia бейне байланыс кабелін үйлесімді теледидардың бейне кірісінің ұясына
жалғаңыз. Кабель ұштарының түсі ұялардың түсіне сәйкес келуі керек.
78
Фотосуреттер және бейнелер

2 Nokia бейне байланыс кабелінің екінші жағын телефонның Nokia AV ұясына
жалғаңыз.
ТД шығыс кабелі
параметрін байланыс түрі ретінде таңдау қажет
болуы мүмкін.
3 Телефондағы фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз.
Құрылғыға сигнал шығаратын өнімдерді жалғамаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы
мүмкін. Nokia AV ұясына қандай да бір кернеу көзін қоспаңыз. Осы құрылғымен
бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы
немесе құлақаспапты Nokia AV ұясына қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса назар
аударыңыз.